- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазына» этно-тарихи кешені ашылды (ФОТО)
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазына» этно-тарихи кешені ашылды (ФОТО)
Салтанатты ашу рәсіміне танымал мәдениет, өнер қайраткерлері, ғалым, тарихшылар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен аймақ жастары қатысты.
Шараның алдында Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығы монументіне дейін қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті.
Жаңа кешеннің ауданы 75 гектар жерді құрайды. Кешенге «Бәйдібек би» ескерткіші, «Наурыз» алаңы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, ипподром бірыңғай сәулет ансамбліне біріктірілді. Этносаябақта аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің 27 макетінен тұратын этно-тарихи саябақ және тарихи құндылықтар орнатылған, ал орталықта диаметрі 21 метр болатын түрлі-түсті субұрқақ қойылған.
Этно-тарихи кешенде Қазақ хандығының 550 жылдығының монументі орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 15 метрді құрайды, ол қазақ ұлттық оюлары салынған өрілген екі аркадан тұрады. Ескерткіштің ортасында биіктігі 10 метр, ені 8 метрді құраған пирамидалық композиция орнатылды. Пирамиданың шетінде қазақ хандығының барельефтік композициясы мен «Қазақ хандығына 550 жыл» және Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақ хандығының 550 жылдығы бұл ұлттық тарихты ұлықтау мен бүгінгі жетістіктерді лайықты бағалау» деген сөзі ойылып жазылған.
«Жайлау» көлінің жағалауындағы ескерткіштің қасында қазақ ауылы орын тепкен. Жағалаудағы демалыс аймағының аумағы 15 гектарды құрайды. Мұнда 4 ротонда орнатылып, қайық стансасы, көлік тұрағы жабдықталған. Бұл этно-тарихи кешен қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді