- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО әкімдігі мен Беларусь елшілігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
СҚО әкімдігі мен Беларусь елшілігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Кездесудi ашқан СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов делегация мүшелерiне өңiрдiң экономикалық дамуы және беларусьтық компаниялармен өзара ынтымақтастығы туралы айтып бердi.
«Солтүстiк Қазақстан облысы — елiмiздiң аграрлы өңiрлерiнiң бiрi. Алайда бiзде машина жасау саласы қарқынды дамып келедi, бiз темiржол және мұнай-газ салаларына қажет жабдықтарды шығарамыз. Бизнестi дамыту үшiн өңiрiмiзде зор мүмкiндiктер бар»,-дедi Ерiк Хамзаұлы.
Өз кезегiнде Анатолий Ничкасов сапарының негiзгi мақсаты ынтымақтастық туралы ұсыныс екенiн атап өттi.
«Бiз облыстың экономикасын зерттеп, бiрнеше сала бойынша ынтымақтастық ұсыныстарын әзiрледiк. Оның iшiнде машина жасау саласы да бар, себебi Беларусьте бұл сала жақсы дамыған және бюджеттi толықтырудың негiзгi көзi болып отыр,-дедi Анатолий Иванович.
Сондай-ақ, кездесуде темiржол жабдықтарының өндiрiсi, электр оқшауландыру материалдары, ауыл шаруашылығы техникасы, мұнай-газ жабдықтарын шығару, ет және сүт өңдеу салалары бойынша ынтымақтастық жайында ұсыныстар айтылды.
Кездесу соңында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгi және Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi арасында өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойылды.
2015 жылдың қаңтар-тамыз айларында Солтүстiк Қазақстан облысы мен Беларусь мемлекетiнiң тауар айналымы 6,2 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бiздiң ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiмiз соңғы 7-8 жыл аясында Беларусь Республикасының машина жасау кәсiпорындарымен тығыз қатынаста қызмет етедi.
2014 жылдың қараша айында Солтүстiк Қазақстан облысының делегациясы экономикалық өкiлдiк аясында сауда-экономикалық және өнеркәсiптiк ынтымақтастық қатынас құру үшiн Минск қаласына барды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері