• Басты
  • Жаңалықтар
  • Малайзиялық серіктестер ҚР-ның бизнес құрылымдарымен бірлесе жұмыс істеуге қызығушылық танытты

Малайзиялық серіктестер ҚР-ның бизнес құрылымдарымен бірлесе жұмыс істеуге қызығушылық танытты

1 Қараша, 2013 10:35
ҚР Малайзиядағы Елшісі Д.Сарекенов «Пердана» қорының құрметті президенті Махатхир Мохамадпен кездесті. Ү.ж. 30 қазанда Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данияр Сарекенов Малайзияның бұрынғы Премьер- министрі, «Пердана» қорының құрметті президенті Махатхир Мохамадпен кездесті, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстандық дипломат малайзиялық саясаткерге Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жылы лебіздерін жеткізіп, Қазақстандағы қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалымен  Елбасының «Стратегия Қазақстан-2050» халыққа үндеуінде жарық  көрген мемлекетіміздің өзекті даму бағыттары туралы баяндап берді.  Д.Сарекенов, М.Мохамадқа Қазақстанның басты халықаралық бастамаларын  таныстырып, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге дайындық барысы және  жаһандық сұхбат алаңына айналған – Астана Экономикалық Форумының  (АЭФ) мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Осы орайда,  М.Мохамаддты 2014 жылы мамыр айында өтуі жоспарланған VII АЭФ және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясына қатысуға шақырды», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, тараптар кездесу барысында екіжақты қарым- қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перпективалары жайлы пікір  алмасты.

Елші, Қазақстан мен Малайзия арасында дипломатиялық байланыстың  орнаған уақытынан бастап екіжақты қарым-қатынастардың серпінді дамып  келе жатқандығын, жоғары деңгейде тұрақты саяси диалогтың орнағанын,  сонымен бірге сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда  ынтымақтастықты нығайтуға деген өзара қызығушылықтың артып келетінін  атап айтты.

Өз кезегінде, малайзиялық мемлекеттік қайраткер екі ел арасындағы  қарым-қатынастарының қазіргі серпініне қанағат білдірді. М.Мохамаддың  пікірінше, Қазақстан мен Малайзияны әлеуметтік-мәдени, рухани және  ұлттық сан алуандық біріктіреді. Сонымен бірге, М.Мохамад Малайзия тарапының екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты, соның ішінде бизнес аралық байланыстарды одан әрі нығайтуға деген терең қызығушылығын қайта жеткізді.

 

Барлық жаңалықтар