- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы заң жобасын мақұлдады
Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында әзірленді. Сот жүйесінде кадр жұмысын жетілдіруге, судьялардың тәуелсіздігін арттыруға, Жоғары Сот кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталған өзгертулер көзделіп отыр.
Заң жобасы сот жүйесінде кадр жұмысын жетілдіруге, судьялардың тәуелсіздігін арттыруға, Жоғары Сот кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталады. Судьялар мен отставкадағы судьяларды, Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, беделді ғалым-заңгерлер мен шетелдік сарапшыларды енгізу есебінен Жоғары Сот кеңесінің құрамы кеңейтіледі.
Сонымен қатар, Жоғары Сот кеңесін дербес мекеме етіп қайта құру және оның кадрлық өкілеттіктерін кеңейту жолымен кеңестің құқықтық мәртебесі өзгертілмек.
«Заң жобасы аясында Жоғары Сот кеңесін дербес мекеме етіп қайта құру және оның кадрлық өкілеттіктерін кеңейту жолымен кеңестің құқықтық мәртебесі өзгерту көзделеді. Осыған байланысты, Жоғарғы Сот кеңесінің жеке аппаратын құру қарастырылады, бұл құрылымның дербестігін күшейте түседі деген сөз. Құжатта қамтылған жағымды жаңалықтардың бірі Жоғарғы Сот кеңесінің құрамы заң негізінде бекітіледі», - деді ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ақылтай Қасымов.
Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау сот билігі корпусын қалыптастыру мәселесін түбегейлі өзгертуге септігін тигізіп, судьяларға қойылатын талаптарды қатаңдата түсуге жол ашады. Бұл ретте заң жобасында Жоғары Сот кеңесі соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Президенттің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын тұрақты әрекет ететін тәуелсіз орган болып табылады деп белгіленген.
«Заң жобасы құқықтық мемлекеттің заңдылық, демократиялық, билікті бөлісу және басқа да принцптеріне зиянын тигізбейді. Біздің ойымызша, бұл нормалар сот жүйесінде кадрлық жұмысты жетілдіруге, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін арттыруға ықпал етеді», - деді ол.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты