- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының электр стансаларының негізгі жабдық бірлігі 70 пайызға қамтылған
Павлодар облысының электр стансаларының негізгі жабдық бірлігі 70 пайызға қамтылған
Жабдықтың 9 бірлігінде жоспарлық жұмыстар жалғасуда, бұл жабдықтар қараша айында пайдалануға беріліп, барынша жоғары жүктемелер үшін пайдаланылмақ.
Қазіргі уақытта 8 энергия кәсіпорнының 7-еуі («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «ГРЭС-2 Екібастұз стансасы» АҚ, «ЕЭК» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО, «ТНК Казхром» АҚ РОК-2 АЗФ, «ПРЭК» АҚ және «Горэлектросеть» ЖШС) дайындық төлқұжаттарына ие болды.
«Павлодарэнерго» АҚ құжаттары Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне жолданды, төлқұжат ағымдағы жылғы 1 қарашада алынады деп күтілуде.
365 қазандықтың барлығында жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылып, жылу жүктемесін көтеруде.
Бүгінгі күнге орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесіне облыс әлеуметтік саласының барлық нысандары және көп қабатты тұрғын үйлер қосылған. Екібастұз қаласының 2 көп қабатты тұрғын үйіне (Қонаев, 136, Строителей, 113) кондоминиум нысандарын басқару органдары жылумен қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін жөндеу жұмыстарын аяқтамауы салдарынан жылу берілген жоқ. Бұл үйлер шамамен ағымдағы жылғы 21 қазанда жылу беру жүйесіне қосылады.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Майқайың кентін алдағы жылу беру маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспардың негізгі іс-шараларының барлығы атқарылды, мысалы: 672 м жылу желісі ауыстырылды және жылуды оқшаулау желісі 510 метрге қалпына келтірілді; екі қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сорғылар, түтінсорғылар және ілмекті арматуралар тексерілді; 2021,4 тонна көлемінде көмірдің нормативті қоры құрылды. Бүгінгі таңда қазандық 2 қазандық тәртібінде жұмыс істеп тұр, 3-10 қазан аралығында әлеуметтік саланың барлық нысандары және көп қабатты тұрғын үйлер жылу беру жүйесіне қосылды.
2015 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша облыстың бюджеттік ұйымдары 114,2 мың тонна көмір немесе жылдық жоспардың 71,3 %-ын, оның ішінде 77,2 мың тонна таскөмір немесе жылдық жоспардың 95%-ын түсіріп алды.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады