500-ден астам мектеп жыл соңына дейін E-learning электронды оқу жүйесіне көшеді

1 Қараша, 2013 10:10
ҚР-да ауылдық жерлердегі оқушылар электронды оқу жүйесі арқылы заманауи білім ала алады, деп хабарлайды ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

«Біз Е-learning жаңа концепциясын дайындау мақсатында арнайы жұмыс тобын құрдық. Ақпараттандырудың басты мақсаты қала мен ауыл мектептеріндегі айырмашылықтарды жою. Яғни, Е-learning шалғайдағы ауылдық жерлерге де қолжетімді етіліп, оқушылардың игілігіне ұсынылады», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Білім және ғылым министрлігінің 2014-2015 жылдарға арналған жұмыс жоспарын Үкіметтің қарауына ұсына отырып.

Сонымен 500-ден астам білім ордасы жыл соңына дейін барлық қажетті қондырғылармен қамтамасыз етілмек.

«Сонымен қатар, кейбір сыншылардың айтуынша, жүйені енгізу мүмкін емес. Енгізгеннің өзінде қазақстандық жағдай оған сай келмейді. Алайда осыған ешқандай да фундаменталды дәлел жоқ бұл пікірге», - делінген хабарламада.

 

 

Барлық жаңалықтар