- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жоюға арналған қоры 180,5 млн теңгені құрайды
Павлодар облысының табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жоюға арналған қоры 180,5 млн теңгені құрайды
Облыс халқын 2015-2016 жылғы қысқы мерзімге уақтылы дайындау мақсатында ТЖ жөніндегі департамент қараша айында айлық өткізу, интербелсенді сабақтар, радио және теледидар арқылы ақпар беру, жиындар мен рейдтер өткізу, дәрістік материалдар оқу, жаднамалар тарату сынды бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Жасақта 2015-2016 жылғы қысқы мерзімге 1 162 ескерту және тыйым салу белгілері әзірленді, олар Ертіс өзені бойына мұзқатқыдан соң орнатылатын болады.
Күртік қарда және күрделі метеожағдайда зардап шеккендерге жедел көмек көрсету мақсатында облыс аумағында сыйымдылығы 50 адам болатын 162 жылыту бекеті құрылды.
Үстіміздегі жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстың табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жоюға арналған қоры 180,5 млн. теңгені және тығыз шығындарға арналған қор 121,0 млн. теңгені құрайды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж. Тұяқов қысқы мерзімдегі халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, үздіксіз жылу, су және электр энергиясын беру нысандарын тұрақты жұмыс істеуге дайындығы, сондай-ақ облыс нысандарында жиылған отын қоры жөнінде ақпар берді.
Электр стансаларында негізгі жабдықтың 21 бірлігі (70%) пайдалануға берілді, бұл жабдық жылыту маусымына енуге жеткілікті, деп атап өтті баяндамашы.
«Павлодарэнерго» АҚ құжаттары Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне жолданды, төлқұжат ағымдағы жылғы 1 қарашада алынады деп күтілуде.
365 қазандықтың барлығында жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылып, жылу жүктемесін көтеруде.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды