- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында жыл басынан бері 40,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді
Павлодар облысында жыл басынан бері 40,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 364 нысан жұмыс істейді, оның ішінде: шұжық өнімдерін және еттен жартылай фабрикаттар өндіретін 56 кәсіпорын, сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша – 21, астықты қайта өңдеу бойынша – 41, наубайхана – 150, күнбағыстың майлы дәнін қайта өңдеу бойынша 26 өндіріс орны жұмыс істеуде, деп ақпар берді облыс ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Е. Айткенов.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын жүктеу мақсатында ірі және шағын бордақылау алаңдары (Шарбақты ауданының «Абай» ЖШС, Баянауыл ауданының «Жайма» ЖШС, Лебяжі ауданының «Рассвет» ШҚ, Ақсу қаласының ауылдық аймағының «Рямбов» ШҚ) жұмыс істейді, инфрақұрылымы дамытылған бордақылау алаңдары (Железин ауданының «Пахарь» ЖШС), сүт-тауар фермалары («Победа» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Киров» ЖШС, «Луганск» ӨК, «Жаңақала» ШҚ) салынуда.
Сонымен қатар, сүт-тауар фермаларын салу бойынша 7 инвестициялық жоба («Үштерек» ЖШС, «Пахарь» ШҚ» ЖШС, «Алтынды ПВ» ШҚ» ЖШС, «Ақтау» ШҚ, «Сергей» ШҚ, «Галицкое» ЖШС, «Маяк» ШҚ) іске асырылуда.
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде 2016 жылға дейін шетел селекциясының асыл, таза тұқымды 4000 мың бас ірі қара малын әкелу жоспарланды.
Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, 4437 бас ІҚМ әкелінді. 2015 жылы «Қазагроқаржы» АҚ көмегімен, Железин ауданының «Пахарь» ШҚ ЖШС Австралиядан Ангус тұқымды 1202 бас ІҚМ әкелді; 2014 жылы өз қаражаты есебінен Ресейден Герефорд тұқымының 203 ІҚМ басы (Баянауыл ауданының «Жайма» СТС ЖШС) және қызыл далалық тұқымының 130 ІҚМ басы (Шарбақты ауданының «Абай» ЖШС 119 бас және «Победа» ЖШС 11 бас) жеткізілді; 2013 жылы облыс АШТӨ шетел селекциясының жоғары өнімді 1146 мал басын жеткізді.
Үстіміздегі жылдың соңына дейін 10 қайта өңдеу нысанын іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде: Екібастұз қаласында, Ақтоғай, Баянауыл, Успен аудандарында бір-бірден және Павлодар қаласында, Качир, Май аудандарында екі нысаннан.
Качир және Ертіс аудандары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспарланған көрсеткішті толығымен орындады. Игеру пайызы ең төмен аймақтар: Успен (39%), Баянауыл (45%), Шарбақты (45%), Павлодар (46%) аудандары.
Астықты қайта өңдеуші кәсіпорындардың коммерциялық астықты сатып алуға жұмсаған шығындарының орнын толтыру үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, республика бюджетінен Павлодар облысы үшін 40 466 тонна бидай сатып алуға 439, 0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінгі күні 40466 тонна азық бидайы толықтай сатып алынды. Ұн тартатын кәсіпорын-операторлар 352,0 млн. теңге сомасында субсидиялар алды.
Бұл мәселені қарау қорытындысы бойынша облыс әкімі Қанат Бозымбаев ауыл шаруашылығы басқармасына, қала және аудан әкімдеріне ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруды, еттің экспорттық әлеуеті жөніндегі бағдарламаның жоспарлық көрсеткіштерінің уақтылы орындалуын жүзеге асыруды тапсырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді