• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да жекешеленген ЖОО студенттердің жұмыспен қамтылуына жауап береді – БҒМ

ҚР-да жекешеленген ЖОО студенттердің жұмыспен қамтылуына жауап береді – БҒМ

1 Қараша, 2013 09:40
Үкімет отырысындағы Білім және ғылым министрлігінің баяндамасында жекешелендіру жөнінде емес, жоғары оқу орындарына дербестік беруді көздейтін автономия туралы хабарланды. Яғни бұл жоғары оқу орындарын жекешелендіру немесе жеке қолға беру деген сөз емес, деп Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындары шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын түрінде қызмет атқарады (ШЖҚ РМК). Жоғары оқу орындары шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан жаңа әкімшілік түрге ауысқаннан кейін әлемдік тәжірибеге сәйкес қызмет ете бастайды», - деп хабарламада нақтыланған.

Автономдық мәртебесін алған жоғары оқу орны білім беру сапасы үшін, өз студенттерінің жұмыспен толық қамтамасыз етілуі үшін жауапкершілік көтереді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес, жеке даму бағдарламасын әзірлеп, басқарудың алқалық түрін енгізген, Қамқоршылық кеңес құра алған және жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдай алатын жоғары оқу орындарына ғана автономия беріледі.

Бұл ретте, мемлекет тарапынан бақылау мен қолдау, қаржыландыру сақталады. Жергілікті атқарушы органдар, бизнес пен қоғам жоғары оқу орнын басқаруға қатысады. Бұл жоғары оқу орындарының ашықтығын көтеріп, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес, жоғары білім беру саласына инвестициялар тарту үшін тиімді шарттар қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар