- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетау облыстық ауруханасының бірнеше бөлімі күрделі жөндеуден өтті (ФОТО)
Көкшетау облыстық ауруханасының бірнеше бөлімі күрделі жөндеуден өтті (ФОТО)
Облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғановтың хабарлауынша терапиялық корпустың, паталогоанатомдық бөлімнің және тамақтану блогының жөнделуіне облыстық бюджеттен 300 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған екен. Оның ішінде 22 млн паталогоанатомдық бөлімнің және тамақтану блогының күрделі жөнделуіне кеткен. Бас дәрігердің мәліметінше бүгінде олардың дайындығы 95% құрайды.
«Бүгінгі күні бес қабатты корпустың күрделі жөнделуі аяқталуға жақын. Ғимарат 30-қазанға қарай дайын болады» деді облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов.
Өз кезегінде Сергей Кулагин мердігер компанияларға жөнделіп жатқан корпустардың алдыңғы жағын колермен сырлау қажеттігі туралы ұсынысын айтты. Бас дәрігерге ауруханалық қалашық аумағына қылқан жапырақты ғана емес жапырақты қайың ағаштарын да егіп демалатын парктық аймақ ұйымдастыру туралы пікірін білдірді.
Жалпы Ақмола облыстық ауруханасында 20 түрлі мамандық бойынша дәрігерлік көмектер көрсетіледі. Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасы мекемесінің құрамына ауысымына 150 адамды қабылдай алатын кеңестік-диагностикалық емхана кіреді.
2013 жылы дәрігерлік мекеме құны 240 млн. теңге болатын компьютерлық томограф, сондай-ақ лизинг бойынша 153 млн теңгеге өзге де қондырғылар сатып алған. Биыл міне онда күрделі жөндеу жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 9 айында тәулік бойғы стационарда 8000-ға жуық адамға дәрігерлік көмек көрсетілсе, шамамен 4000 пациент ауруханаға жатқызу бюросы арқылы түрлі емдер алған.
Тек биылғы жылы ғана дәрігерлер түрлі деңгейдегі 300-ден астам оталар жасаған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Елордадағы эпидахуал күрделі -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті