• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада әскери қызметшілердің арасында мемлекеттік тілді меңгеру бойынша сайыс өтті

Астанада әскери қызметшілердің арасында мемлекеттік тілді меңгеру бойынша сайыс өтті

21 Қазан, 2015 15:34
Бас прокуратураның бастамасымен және Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердіңарасында мемлекеттік тілді насихаттауға арналған «Тіл – тұтастық кепілі» атты республикалық байқау өтті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Байқауға Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Мемлекеттік күзет қызметі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қорғаныс министрлігінің командалары қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты – халықтың бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту, сонымен қатар құқық қорғау және басқа да әскери ұйымдардың қызметшілері арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау болып табылады.

Бас прокуратураның бастамасымен және Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған «Тіл – тұтастық кепілі» атты республикалық байқаудың қорытындысы жарияланды.

Жарысты қазылар алқасының төрағасы, белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жодасбеков қорытындылады. Байқаудың бас жүлдесін Қорғаныс министрлігі жеңіп алды, ал бірінші орынды Мемлекеттік күзет қызметі, екінші орынды Бас прокуратура, ал үшінші орынды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен Жоғарғы Сот иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Барлық жаңалықтар