• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкшетауда ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 66 көпқабатты үй жөнделуден өттi

Көкшетауда ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 66 көпқабатты үй жөнделуден өттi

21 Қазан, 2015 10:08
Көкшетауда Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметін жаңғырту бағдарламасы бойынша 66 көпқабатты үй жөнделуден өттi.

Ақмола облысының әкімдігі хабарлағандай, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру аясында, 2011 жылдан 2015 жылға дейiн облыс орталығында 66 үй 1,3 млрд. теңгенiң жөнделуiнен өткен

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченконың мәлiметi бойынша, өткен жылы Көкшетау қаласында 397 млн. теңгеге 19 үйдiң жөндеуi жүргiзiлген.

Ағымдағы жылы ТКШ модернизациялау бағдарламасы бойынша облыс орталығында 106 млн. теңгеге 4 үй жөнделсе, қайтарылған қаражатқа тағы 2 үй 27 млн. теңгенiң жөндеуiнен өткен. Бұл үйлер Куйбышев 48 және Қанай би 40 мекен жайында орналасқан үйлер.

 

Барлық жаңалықтар