- Басты
- Жаңалықтар
- Табыс салығының орнына бөлшек салығы енгізілуі мүмкін
Табыс салығының орнына бөлшек салығы енгізілуі мүмкін
Атап айтқанда, Кеңес мүшесі Олжас Құдайбергенов қосылған құн салығы мен корпоративті табыс салығының орнына бөлшек салығын енгізуді ұсынды. Яғни, егер табыс қолма-қол ақша тәсілімен алынса, салық мөлшерлемесі 12%, қолма-қол ақшасыз тәсілімен алынса, мөлшерлеме 7%, ал табыс онлайн дүкендер арқылы алынса, 5%‑ды құрайды.
Отырыс барысында әлемдік экономикадағы түбегейлі жағымсыз өзгерістердің талдауы ЖЭС принциптеріне өту және оларды қолданысқа енгізу арқылы қайта өзгертулер мен реформалар енгізу қажеттігін анық көрсетті деген ойлар айтылды. Қазіргі уақытта Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметпен қазақстандық кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі ауқымды жұмыстар жасалды. Бизнес үшін жаңа қолайлы жағдай жасау жөніндегі тәсілдердің өзгеруі жиі орын алуда. Осы мәселелерді зерттеу орын алған себептерді қайта ойластыруға назар аударып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді талап етеді. Бұл жерде шағын және орта бизнес пен оның әлеуетін арттыру мәселесі айрықша орынға ие,сондай-ақ оның ел дамуына қосатын үлесін арттыру басты ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларға тәкелей тәуелді болып келеді.
«Еркін теңге бағамына өту және ол туралы шешім қабылдау бағамның нарықтың сұранысы мен ұсынысы негізінде құралу тәсілдерінен шыққан. Үкімет құрылымдық реформаларды қарқынды жүргізіп келеді, алайда ШОБ-тың қазіргі хал-жағдайы мен экономикалық алғышарттар қолданылатын шаралардың мұқият талданып, өзгертілуін талап етеді», - деп атап өтті Кеңес төрайымы Айгүл Соловьева отырыс барысында сөйлеген сөзінде.
Ұсынылып отырған салық режимі жеке тұлғалардың тапқан табыстарына, жекелеген саудамен айналысатын кәсіпорындарға, қоғамдық тамақтану мен қызмет көрсету саласына таралады.
Бөлшек салығын енгізу елдегі қолма-қол ақша көлемінің ауқымын азайтуға мүмкіндік береді, тұрғындардың қаржыларын банк секторына қосымша тартады, көлеңкелі бизнестің мөлшерін айтарлықтай азайтады, бұл өз кезегінде бюджеттегі салықтық түсімге жақсы әсерін тигізеді. Жалпы Кеңес мүшелері бөлшек салығын енгізуді қолдады, сонымен бірге оны іске асырудың механизмін егжей-тегжейлі пысықтау ұсынылды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері