- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет – депутат
Қазақстанда БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет – депутат
«Аталмыш бәсекелестік жағдайда мұқият барлығын қарау қажет. Мен қазіргі таңда БАҚ туралы заңды қарау керек екенін айтамын. Егер де біз ақпаратқа қолжетімділік заңын қайта қарап толықтырулар енгізсек, БАҚ туралы заңды да қайта қарау уақыты келген сияқты», - деді «Ақпаратқа қолжетімділік туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобаларын қарау кезінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев.
М.Әшімбаев атап өткендей, заңды әзірлеу үшін журналистердің өзін қатыстыру керек екенін айтты.
«Мүмкін осы жылы емес шығар. Бірақ, келер жылы бұл жұмысты жүзеге асырған жөн. Біз «Нұр Отан» партиясының фракциясымен заңды қайта жаңғырту керектігін айттық. Журналистердің өімен ақылдаса отырып, өзгертулер енгізе аламыз», - деді ол.
Айта кетейік, ҚР Парламент Сенатының Қоғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында «Ақпаратқа қолжетімділік», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы жобалары қаралды.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды