- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ұлыбритания Қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықтың болашағы жайын талқылады
Қазақстан мен Ұлыбритания Қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықтың болашағы жайын талқылады
«Кездесу кезінде тараптар қазақстан-британ әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашақта оны одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
«Ұлыбритания Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып табылады, осыған байланысты біз жан-жақты қарым-қатынасқа айырықша мән береміз. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания премьер-министрімен арадағы достық қарым-қатынасы дәстүрлі сипат алды, екі жақты байланыстардың қолайлы дамуына мүмкіндік жасады. Биыл жазда Премьер-мигнистр Джеймс Камеронның Қазақстанға сапары аталған дәстүрдің дәлелі. Сол сапар келешекте өзара қолайлы ынтымақтастықтың стратегиялық деңгейіне көшуімізді анықтап берді»,-деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі.
Қазақстан мен Ұлыбритания бітімгерлік пен әскери білім саласында белсенді ынтымақтастықта. Әділбек Жақсыбеков пен Филипп Хаммонд екі елдің бітімгерлік бөлімшелерінің бірлескен командалық-штабтық жаттығулары мәселелерін, сондай-ақ әскери ғылым саласы бойынша өзара қарым-қатынастар жайын талқылады.
Қазақстан армиясы бүгінде кәсіби негізге көшу кезеңінде тұр, бұл істе Британияның бай тәжірибесі бар. Қазақстан Қарулы Күштер қатарына қызметкерлер қабылдаудың әдістерін, кадр саясатын жүргізуді, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды, бюджеттік жоспарлау мен әлеуметтік қамтамасыз ету негіздерін үйренуге мүдделі.
Осы күні Қорғаныс министрлігінде Әділбек Жақсыбеков Біріккен Корольдіктің Қарулы Күштері Қорғаныс штабының бастығы генерал Николас Хаугтонмен және Ұлыбритания Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал Питер Уолмен кездесулер өткізді. Британдық генералитетпен келіссөздің негізгі тақырыбы Ұлыбритания Қарулы Күштерінің кәсібилендірілуі болды.
Лондонда қазақстандық әскери делегация Ұлыбританияның Сауда-инвеститциялық палатасы (UKTI DCO) мен жерсеріктік байланыс құралдарын өндіру бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылатын InMarSat компаниясында болды. Ғаламдық жерсеріктік байланыс жүйесін әзірлеуші және жасаушы болып табылатын Инмарсат компаниясы қазіргі уақытта төртінші буынның геостационарлық жерсеріктерін пайдаланады.
UKTI DCO офисінде (Ұлыбританияның шетелдік әскери өнеркәсіп кешендерімен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіруші орган) британ тарапы үш әскери өнеркәсіп кешенімен брифинг өткізді. Олар: QinetiQ мультиұлттық қорғаныс технологиялық компаниясы; аэроғарыштық индустрияның көшбасшы компаниясы – Cobham және әлемде әскери жолсыз жермен жүретін техникаларды шығарудағы ең тәжірибесі мол Land Rover компаниясы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция