- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті күрішті рекордтық көлемде жинаған Қызылорда облысының диқандарын құттықтады
Қазақстан Президенті күрішті рекордтық көлемде жинаған Қызылорда облысының диқандарын құттықтады
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның барлық өңірлері сияқты Қызылорда облысы да өсіп-өркендеп жатқанына тоқталды.
«Өңірде мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда. Индустрияландыру аясында облыста бүкіл Қазақстанды өніммен қамтамасыз ететін әйнек зауыты салынды. Қызылорда облысының аумағымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолы, сондай-ақ еліміздің негізгі теміржол желісі өтеді. Қаланың ажары көркейіп, саябақтары көбейді, Сырдың сол жағалауына шығатын көпір құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйлер, балабақша, мектеп, аурухана және жолдар салынуда. Мемлекет халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап жатыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елдің әл-ауқатының артуы, өңірдің гүлденуі тікелей еңбекпен байланысты екенін айтты. Осы орайда, тұзды жерде орман өсіріп жатқан азаматтардың еңбегі елеулі екенін де атап өтті.
Елбасы сондай-ақ биыл күрішті рекордтық көлемде жинаған диқандарды да құттықтады.
«Күріш Қызылорданың ең негізгі дақылы болып саналады. Биыл әр гектарынан 50 центнерден артық күріш алынды. Кеңес одағы кезінде бұндай болған емес», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті соңында қызылордалықтарға бақ-береке және игілік тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру