- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта жаңартылған «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы талқыланды
Сенатта жаңартылған «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы талқыланды
Отырыс барысында жобада ақпараттардың кеңейтілген тізімін бекіту ұсынылды, олар шектеуге жатпауы тиіс. Аталмыш тізімге өрт сөндіру қауіпсіздігі туралы ақпаратты қосу, санитарлық-эпидимиологиялық рационалды жағдай, азық-түлік қауіпсіздігі туралы, табиғат апаттары, олардың ресми болжануы мен зардаптары туралы мәліметтерді енгізу қарастырылды.
«Ақпаратқа азаматтардың құқығы мен бостандығының бұзылуы, лаңкестік актілерінің жасалуы, республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының қалыптасуы, және заңда көрсетілген кез келген өзге ақпарат туралы енгізу ұсынылды. Бұл ақпараттың барлығы ашық болуы тиіс, ол заңды және физикалық тұлғаларға қолжетімді болуы керек», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев.
Аталған заң жобасына бірқатар Мәжіліс депутаттарыбастамашылық жасаған болатын. Бұл ретте құжат негізінен әркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алу және тарату жөніндегі конституциялық құқығын іске асыруды қарастырады.
Оның айтуынша, құжат ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін кеңейту мәселелері де көзделіп отыр. Мәселен, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын қоса алғанда, Парламенттің жалпы отырыстарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың жергілікті өкілді органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау, сонымен қатар, жыл қорытындылары бойынша өткізілетін мемлекеттік органдардың алқаларын интернет-ресурстар арқылы ақпаратқа қолжеткізу ұсынылады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, әкімдер мен ұлттық университет ректорларының есептік кездесулерін өткізу міндеттеледі.
Сондай-ақ,М.Әшімбаев айтып өткендец, заң жобасы бұл ақпараттықалай алуға болатындығы туралы мәлімет береді. Атап айтсақ, 15 күн ішінде ауызша және хат тұүріндегі өтінішке жауап беру қарастырылған.
Индира Кауметова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері