- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚМ АОСК-ның әскери қызметшісі ғаламшардың үздік спортшысы болып танылды (ФОТО)
ҚР ҚМ АОСК-ның әскери қызметшісі ғаламшардың үздік спортшысы болып танылды (ФОТО)
Бұл мәртебе қазақстандық спортшы жауынгерге Манчестердегі (Ұлыбритания) таэквондодан (WTA Grand Prix) әлемдік Гран-при кезеңінде сәтті өнер көрсетуден кейін берілді. 58 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Мамаев испаншы Жезус Тортос Кабреромен айқасуда жеңіске жетіп, әлемнің 30 мықты таэквондошысы арасындағы абсолюттік чемпион атанды.
«Қазір Нұрсұлтан өрлеу үстінде. Ол ірі әлемдік турнирлерде бірнеше мәрте жеңістерімен өзінің шеберлігін растай отырып, қарқынды түрде жоғарыға қарай ілгерілеуде. Соңғы уақыт ішінде ол қатарынан бірнеше рейтингтік сайыстарды жеңіп алды.
Қазіргі кезде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия алуға бірден-бір үміткер болып табылады және жоғары марапаттарды алуды көздеп отыр», - деп атап өтуде таэквондодан команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны Әнуар Үсенов.
Нұрсұлтан Мамаев 2010 жылғы жазғы жасөспірімдердің Олимпиялық ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылғы лондондық Олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014), жазғы Универсиада және VI Дүниежүзілік армия ойындарының жеңімпазы (2015), бірнеше дүркін жеңімпаз және халықаралық рейтингтік турнирлердің жүлдегері. Ол ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының дарынды спортшыларының бірі. Оған отандық әскери спортты дамытуда ерекше үміт артылып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді