- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей біріккен космостық мониторинг жүйесі мен ТЖ болжау жүйесін құрады
Қазақстан мен Ресей біріккен космостық мониторинг жүйесі мен ТЖ болжау жүйесін құрады
«2013 жылғы 31 қазанда Астана қаласында ҚР ТЖМ Республикалық дағдарыс орталығының ахуалдық залында бейнеконференциялық байланыс режимінде Ресей ТЖМ-мен ТЖ-ны ғарыштан бақылау және болжау бірлескен жүйесін құру мәселелері бойынша кеңес өтті», - делінген хабарламада.
Қазақстан ТЖМ Республикалық дағдарыс орталығы (РДО) мен Ресей ТЖМ Дағдарыс ахуалдарын ұлттық басқару орталығы (ДАҰБО) арасында тікелей бейнеконференциялық байланыс орнатылды.
Қазақстан тарапынан кеңеске ТЖ-ның алдын алу, ТЖ-ны жою, Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар, Азаматтық қорғаныс, Ақпараттандыру және байланыс департаменттері мен Өртке қарсы қызмет, ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ғарыш агенттігінің өкілдері қатысты.
Селекторда ресей тарапынан Ресей ТЖМ орталық аппараты 5 құрылымының (Азаматтық қорғау департаменті, Өрт сөндірушілер және құтқару күштері департаменті, Ғылыми-техникалық басқарма, Ақпараттық технологиялар және байланыс басқармасы, Ақпаратты сақтау басқармасы), «Антистихия» орталығының, Бүкілресейлік АҚ және ТЖ ғылыми-зерттеу институтының, Ресейдің Қазақстан өңірлерімен шектесетін Ресей ТЖМ бас басқармалары мен өңірлік орталықтарының, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің, РОСКОСМОС және басқа ведомстволардың (Ресейгидромет, Ресей орман шаруашылығы, Ресей су ресурстары, Ресей авиациясы, Ресей теңіз-өзен флоты) өкілдері қатысты.
Қазақстан ТЖМ тарапынан кеңесте Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаментінің директоры Сырым Ғаббасұлы Ғаббасов төрағалық етті.
Тараптар қарастырылып отырған саладағы екі министрліктің өзара іс-әрекеттеріндегі айтарлықтай алға жылжушылықты, олардың қысқа уақыт ішінде толықтай өлшеуге болатын нәтижелерге қолжеткізуге болатынын атап өтті.
Күн сайын Астана уақыты бойынша сағат 8-00-де РДО мен ДАҰБО арасында бейнеконференция өтеді, онда жедел жағдай қарастырылады. Ресей ТЖМ жедел кезекшілері күн сайын біздің елдің аумағындағы термикалық аномалиялардың табылу фактілері туралы баяндайды. Осы жылғы өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап ДАҰБО ғарыштан бақылау деректерінің негізінде 30-дан астам жедел ақпаратты РДО мекенжайына жіберді, ол біздің мемлекеттің нақты аумақтарында жедел басқару шешімдерін қабылдауға және оны практикалық іске асыруға ықпал етті.
Кеңесте Қазақстан ТЖМ РДО мен Ресей ТЖМ ДАҰБО арасындағы жерді қашықтықтан зондтау деректерімен жедел алмасу жөніндегі екі мекенжайлық регламентті соңғы редакцияда бекіту келісілді.
Кеңес соңында заманауи жағдайларда алдағы кезеңге қойылатын міндеттер айтарлықтай өскені, оларды тек бірлесіп шешу керектігі атап өтілді.
ТЖ-ны ғарыштан бақылау және болжау жүйесін Ресеймен бірлесіп құру біздің Мемлекет басшыларымыздың Астрахань қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің 8-ші өңіраралық ынтымақтастық форумында қойған міндеттерді тиімді орындауға ықпал етеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды