- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Астана бетон комбинаты 2015 жылдың жаз мезгіліне дейін 100% қуаттылықта жұмыс істеді (ВИДЕО)
ИИДМБ: Астана бетон комбинаты 2015 жылдың жаз мезгіліне дейін 100% қуаттылықта жұмыс істеді (ВИДЕО)
«Ағымдағы жылдың қараша айында кәсіпорын 5 жасқа толады. Құрылыс нарығы белсенді дамып жатқан жағдайда құрылыс материалдарының жетіспеушілігі сезіледі. Сондықтанда Қазақстан даму банкінің қолдауымен аталмыш жоба жүзеге асырылды. Несие қаржысын біз қайта құрылымдауға жұмсап, банке қайтардық», - деп хабарлады «АБК-МАҚСАТ» ЖШС директоры Ибрагим Арыстанбаев «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Зауыт темірбетон құрылыстарын өндіреді, олар плиталар, тіреуіштер, блоктар, текпешек марштары, текпешектер, тартпалар мен тауарлы бетон. Бұлардың барлығы тұрғын үй, әкімшілік кешендері мен әлеуметтік нысадардың құрылысы барысында пайдаланылады. Кәсіпорын 2015 жылдың жаз мезгіліне дейін 100% қуаттылықта жұмыс істеді, қазіргі таңда - 70%.
«Біз 100% қуаттылыққа дейін жұмыс істедік, тіпті тапсырыстардың көп болғаны соншалық қуаттылығымыз жетпей жатты. Бүгінде дағдарыс жағдайында көптеген құрылыс компаниялары жұмыстарын тоқтатты, сондықтанда сұраныста төмендеді, енді біз 65-70% қуаттылықта жұмыс істеудеміз. Қаланың барлық кәсіпорындары мұндай режимде жұмыс істей алмайды. Бүгінде қыста тауарлы бетон шағара алатын 4-5 кәсіпорын бар. Біз осы кәсіпорындардың қатарындамыз, яғни қаладағы ірі 5-тің ішіндеміз», - деді зауыт директоры.
«АБК-Мақсат» итальяндық, испан, неміс және түрік өндірісінің құралдарымен жұмыс істейді. Олар сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.
«Бізде қалып құятын цех бар, онда біз барлық тапсырыстарымыздың үлгісін жасақтаймыз. Сонымен қатар арматура және шағын аз көлемдегі өнімдер цехы бар. Біз ELKON түрік компаниясынан тек тауарлы бетон өндіретін екі зауыт сатып алдық, алайда 5 жыл мерзім өткеннен кейін олардың тозығы жетті. Өткен аптада ғана біз оданда жетілген испаниялық құралды сатып алдық, енді біздің тауар түрлеріміз артады», - деп атап өтті И. Арыстанбаев.
Анар Тәңірқұлова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді