- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 5 балабақша пайдалануға берілді
ОҚО-да 5 балабақша пайдалануға берілді
Оның бірі Шымкент қаласындағы №57 «Хадиша» балабақшасы. «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған 16 топқа негізделген мектепке дейінгі мекеме 320 орындық. Балабақша қазіргі заман талабына сай барлық бөлмелермен жабдықталған. Мұнда ойын бөлмесі, асхана, музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары қарастырылған.
Балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, психолог, логопед және ұстаздар бөлмелері бар. Аталған мекеме балаларға үш тілде білім беретін болады. Сонымен қатар, көне шаһар Түркістан да «Ер төстік» пен «Асыл бөбек» атты жаңа екі балабақшамен толықты.
280 балаға лайықталған бұл мекеме республика бюджетінен салынып отыр. Қос нысан қала көлемінің ұлғаюына байланысты жаңадан қоныстанған тұрғындарды қажетті әлеуметтік нысандармен қамту мақсатында салынған. 2009 жылы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші небәрі 13 пайыздан аспайтын Түркістанда соңғы жылдары балабақшалардың саны артып, бүгінде балғындарды мектепке дейінгі мекемемен қамту 76,5 пайызды құрап отыр.
Ал Бәйдібек ауданындағы Алғабас ауылдық округіне қарасты Шақпақ және Қазата елді мекендерінде екі балабақша балдырғандарға есігін айқара ашты. Шақпақ ауылында орналасқан «Айгөлек» балабақшасының жанынан 50 балаға арналған 2 топтың қосымша жұмыс жасауына мүмкіндік беретін қосымша ғимарат пайдалануға берілді. «Айгөлек» бөбекжай балабақшасында мектеп жасына дейінгі балғындарға мүмкіндігінше бар жағдай жасалған. Ауласында ойын алаңына қажетті жабдықтар орнатылған. Осы ауылдағы екінші қуаныш ол балабақшаға жапсарлас орналасқан цирк үйірмесі. Жалпы Шақпақ ауылында цирк үйірмесі 1986 жылы ашылып, түрлі фестивальдарға қатысып, 1990 жылдардың басында жүлделі орындардан көрініп жүрді.
Осы ғимараттың күрделі жөндеу жұмысы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының аясында атқарылды. Қазата ауылындағы тұрғындардың сұрауы бойынша орта мектеп балабақшаға ыңғайластырылып қайта пайдалануға беріліп отыр. Құрылысы жергілікті бюджеттен жүргізілген «Жансая» бөбекжайы 50 орындық. Мұнда мектеп жасына дейінгі балғындарға мүмкіндігінше бар жағдай жасалған. Ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамту келер жылы 82 пайызға жеткізілмек.
-
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға беріледі -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға берілмек -
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді -
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады