- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек Алматының әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Б.Байбек Алматының әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
«Бұл мереке - өздерін қолдау мен көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге арнаған жандарға жасалған құрмет. Сіздердің басым көпшіліктеріңіздің өз мамандықтарыңызды өмірлік мән ретінде қабылдағандарыңызға сенімдімін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанды модернизациялау: қоғамның жалпы еңбегінің 20 қадамында» Қазакқстанның тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік мемлекеттің мықты іргетасы қаланғандығын, біздің республикамыздың әлеуметтік даму барысы ортаевропалық елдер деңгейіне жақындағанын атап өткен болатын», - деді қала әкімі.
Б.Байбек көмекке зәру жандардың әрқайсысына жеке қолдау көрсету қала билігінің басты міндеті екендігін атап өтті. Бүгінгі күні қалада еңбекпен қамту орталығы, тоғыз медициналық- әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. 40 тан астам әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі, жыл сайын қала бюджетінен 7,3 млрд теңге бөлінеді. ҰОС ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға, тұрмысы төмен жандарға айрықша көңіл бөлініп, тұрғын үйлер де беріледі.
Бұлардан өзге әкім атқарушы билік, ҮЕҰ-дар, азаматтық қоғам, бизнес бірігіп жұмыс істесе әлеуметтік көмекке зәру жандардың өмірі жақсара түсер еді деген қағиданы қадап тұрып айтты. Қазіргі кезде Алматыда мүмкіндігі шектеулі 44 мың адам тұрады оның 23 мыңы жұмыспен қамтылған.
«Біз барлығымыз көмекке зәру жандар үшін кедергісіз орта жасаудың, едені төмен қоғамдық көлікті сатып алудың , ғимаратқа кіру үшін пандустар орнатудың, арнайы лифтерді монтаждаудың, арнайы бекеттерді қайта жасаудың аздық ететінін түсінуге тиіспіз. Ең алдымен, арнайы көмекке зәру жандармен қарым- қатынас жасаудың жаңа мәдениетін қалыптастыру қажет. Сонда ғана мүмкіндігі шектеулі жандар қала өміріне белсенді түрде араласып, өздерін толыққанды сезіне алады», - деді әкім.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице- министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік қызмет мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып қала беретінін айтты..
«Қысқа мерзім ішінде біздің елімізде заманауи әлеуметтік модель қалыптасты, соның арқасында тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік шаралары ойдағыдай жүзеге асуда», - деді вице-министр.
Салтанатты шара әлеуметтік саланың үздік қызметкерлерін құрмет грамоталары мен «Еңбек ардагері»және «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгілерімен марапаттауға ұласты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары