• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

31 Қазан, 2013 17:20
Бүгін, 31 қазан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Пейтер ван Леувенді қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараптар қазіргі заманғы жаһандық проблемалар бойынша Қазақстан мен Нидерланды арасындағы көптеген ұстанымдардың ұқсас екенін, бұл тиімді өзара іс-қимыл үшін берік негіз қалайтынын атап өтті», - деп хабарламада  нақтыланған.

Кездесу барысында 2014 жылғы 24-25 наурызда Гаагада Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитті өткізу перспективалары, сондай-ақ аталған халықаралық форумға Қазақстан тарапының қатысу мәселесі талқыланды.

М.Тәжин ғарыш саласындағы Қазақстан-Голландия ынтымақтастығының жандана түскеніне қолдау білдірді. Бұған қоса, ҚР Мемлекеттік хатшысы «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізуге голландық компаниялардың белсене атсалысатынына үміт артты.

Кездесу қорытындысында М.Тәжин Пейтер ван Леувенге Қазақстан мен Нидерланды арасындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуына қосқан жеке үлесі үшін ризашылық білдірді.

Барлық жаңалықтар