• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Қызылорда облыстық әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталық қызметімен танысты

ҚР Президенті Қызылорда облыстық әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталық қызметімен танысты

19 Қазан, 2015 20:54
Елбасы Қызылорда облыстық әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталық қызметімен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Орталық қызметі 2014 жылдың маусым айынан бастап жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Атап айтқанда, Ахуалдық орталық макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау, әлеуметтік-экономикалық даму барысын мониторингтеу, талдау және болжау, қауіпсіздікті бағалау және экономика, қаржы, демография, өнеркәсіп, ақпарат және басқа да салалардағы тәуекелдерді басқару, қоғамдық-саяси ахуалды талдау жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ бұл орталық шешімдерді орындаушыға жеткізіп, оның орындалу барысын да қадағалайды.

Ахуалдық орталықта арнайы әзірленген бағдарлама бойынша оқыған техникалық мамандар мен сарапшылардан құралған 21 адам жұмыс істейді. 

 

 

Барлық жаңалықтар