Павлодар облысында Халықаралық инновациялық форум өтті

31 Қазан, 2013 17:45
Бүгін, 31 қазанда Павлодар облысында «Инновация – болашақтың энергиясы» атты халықаралық инновациялық форум өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Форум жұмысы барысында орталық және жергілікті мемлекеттік орган, шет елдердің елшіліктері, даму институттары, ұлттық компаниялар, кәсіпкерліктер, ЖОО өкілдері мен Ресей Федерациясының шекаралас аймақтары делегациялары мен алыс-жақын шет ел өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Шараның ашылуында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Б.Атамқұлов сөз алды.

«Павлодар облысы – инновациялық дамудың көшбасшы өңірі. Республиканың жалпы өндірісінің 26 пайызы осы облысқа тиесілі», - деді ол.

Хабарламада айтылғандай, форум бағдарламасында «Салалық инновациялық өңірлік орталықтар мен кластерлерді дамыту және құру механизмі» және «ҚР Инновациялы даму стратегиясын өңірлік іске асырудың аспектілері», «ЕХРО-2017 – Болашақтың қуаты инновацтялық жобасы» тақырыбында жұмыстар жасалды.

 

Барлық жаңалықтар