• Басты
  • Жаңалықтар
  • Дохада Қазақстан мен Катардың сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Дохада Қазақстан мен Катардың сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

19 Қазан, 2015 17:08
Доха қаласында (Катар) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев және Катар мемлекетінің экономика және сауда министрі Шейх Ахмед бин Джазим Аль Тани төрағалығымен жоғары деңгейдегі 4-ші Үкіметаралық отырыс өткізілді.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы және Катар мемлекетінің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, азаматтық авиация, " Qatar Investment Authority" " Kazakh Infrastructure Fund " кіру мәселелері қаралды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ.

Сондай-ақ, Комиссия шеңберінде тараптар а.ж. 25-26 қазандағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сапары барысында қол қоюға жоспарланып отырған Келісімдердің жобаларын талқылады.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев Катар мемлекетінің Сыртқы істер министрі Халед бен Мухаммед Аль-Аттыйямен келіссөздер жүргізді. Кездесу шеңберінде министрлер екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің бір топ мәселелерін талқылады.

Барлық жаңалықтар