Қазақстан ЭЫДҰ-ның Дамуға көмектесу комитетінде ресми мәртебе алды

19 Қазан, 2015 18:46
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы кеңесінің шешімімен Қазақстан аталмыш беделді халықаралық құрылымның Дамуға көмектесу комитетінде «шақырылған» мәртебесіне ие болды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Осы кезден бастап Қазақстан мен аталмыш комитеттің арасында ресми түрде серіктестік қатынас орнатылды. Айта кетерлік жайт, Комитет құрамына 29 мемлекет кіретін,  әлемдік деңгейде мойындалған донор-мемлекеттер клубы болып табылады. Оның шешімдері мен ұсыныстары –сыртқы саясаттың тиімді құралы ретінде ресми даму көмегін пайдалануға салмақты қарайтын мемлекеттер үшін эталон болып табылады.

Комитетпен серіктестік орнату Қазақстанның ЭЫДҰ стандарттарына бейімделу және оның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену жолында маңызды элементке айналды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы қаңтарда ЭЫДҰ Қазақстанмен ынтымақтастық орнату бойынша 2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қол қойды. 

Барлық жаңалықтар