- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланыс орталығын іске қосуды тапсырды
Ә. Жақсыбеков елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланыс орталығын іске қосуды тапсырды
Еске сала кетейік, өткен аптада қала басшысы коммуналдық қызметтердің, атап айтқанда, қар тазалайтын және өзге де техниканың қыс маусымына дайындығын тексерген болатын. Әкім қар жауған сәттен бастап маусым бойы тазалау жұмыстары үзіліссіз жүргізілуі керектігін атап айтты.
Аппарат отырысы барысында қаланың экологиялық ахуалы да талқыланды.
Қалада кесек отынмен жылынатын үйлер мен ғимараттар саны 32 мыңға жуық. Бұдан бөлек, ауаны тұрғын үй секторы және жылыту кешендерінен өзге, автокөліктер де айтарлықтай ластайды. Бүгінде елордада тіркелген автокөліктердің саны 320 мыңнан асты. Одан бөлек, күнделікті қалаға 60-70 мың өзге қалалардан келетін көліктер бар.
Ә. Жақсыбеков елорданың Бірыңғай интеллектуалды байланыс-орталығын іске қосу мәселесіне де ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта әкімнің тапсырмасына сәйкес қаладағы барлық қызметтерді бір жүйеге тоғыстыратын аталған байланыс орталығын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталық «бір қоңырау» принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Бірыңғай орталыққа қаланың әрбір тұрғыны өзін алаңдатқан кез-келген мәселе бойынша хабарласып, кең көлемде толыққанды ақпарат алуға мүмкіндігі болады.
Байланыс орталығының бағдарламалық жабдықталуы тұрғындардың шағымдарын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Нәтижелер мен статистикалық мәліметтер «Басшы панелінде» көрсетіліп тұрады.
Ә. Жақсыбеков аталмыш жоба қала үшін өте қажет екенін және оның болашақта қаладағы барлық қызметтерді бақылау мен бағалау құралына айналатынын айтты.
Әкім Бірыңғай интеллектуалды байланыс-орталығын 15 қарашада пилотты түрде іске қосуды, ал 1 қаңтардан бастап қала тұрғындарына толыққанды қызмет көрсетуін бастауды тапсырды. Осылайша, Астана «ақылды қала» туралы пікірдің орнығуын дамытып, бекіте түсуі керек.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері