• Басты
  • Жаңалықтар
  • Прагада парламентарилер ядролық қарулануды шектеу мен тыю мәселелерінің ахуалы талқылады

Прагада парламентарилер ядролық қарулануды шектеу мен тыю мәселелерінің ахуалы талқылады

19 Қазан, 2015 16:37
Прагада Парламент Сенаты мен Чехияның Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «Прагалық күн тәртібі» атты 5-ші халықаралық конференция мен «Парламентарилер ядролық қарусызданудың жойылуы үшін» атты халықаралық форум ассамблеясы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Бұл ауқымды шараға ұлттық парламент депутаттары, үздік мемлекеттік және қоғамдық-саяси тұлғалар мен БҰҰ өкілдері, халықаралық ұйым қызметкерлері мен ғалымдар қатысты.

Шараға  қатысушылар ядролық қаруланудың жағдайы мен ахуалы, оларды шектеу мен жою мәселелерін талқылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рөлі, МАГАТЭ, барлық елдерге ядролық  сынақтарды таратпау бойынша келісімді ратификациялау қажеттілігі сынды мәселелер алға тартылды.

Өткізілген пікірталастар ядролық технологияларды таратумен байланысты қауіптерге  сараптама жасау, атомдық арсеналдарды азайту бойынша арнайы ұсыныстар мен бастамаларды ұсынуға бағытталды.

Өз сөзінде ҚР Парламент Мәжілісінің қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитет хатшысы Виктор Рогалев  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы халықаралық бастамалары туралы айтты.

 

Барлық жаңалықтар