• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Жастар кадрлық резерві» оқыту пішінінің III жобасы басталды – «Нұр Отан»

Астанада «Жастар кадрлық резерві» оқыту пішінінің III жобасы басталды – «Нұр Отан»

19 Қазан, 2015 16:04
2015 жылдың 19 қазанында «Жастар кадрлық резерві» партиялық жобасының ІІІ Білім беру модулінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы.

2015 жылы жобаға қатысу үшін 3000-ға жуық адам құжат тапсырды.

ІІІ білім беру кезеңіне өткен 32 үміткер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің аясында білімдерін жетілдіреді.

Үміткерлер үшін кәсіби тұлға ретінде өсуіне бағытталған кездесулер, пікірталастар, семинарлар, шеберлік  сыныптар мен дәрістер ұйымдастырылады.

Дәрісті ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, дәрісшілер мен білікті жаттықтырушылар, мемлекеттік қызметкерлер, саясаткерлер, белгілі қоғам қайраткерлері және еліміздің ең табысты кәсіпкерлері жүргізеді.

«Жастар кадрлық резерві» жобасы жүзеге асқалы бері қатысушылар әр түрлі бағытта белгілі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, қызметтері жоғарлады, бизнес саласының жетекшілері болды,  мәслихат депутаты болып сайланды және өз кәсіптерін ашты.

Жоба жастарға мемлекеттік басқару саласында мол ақпарат беріп, тұлға ретінде қалыптасу мен  біліктіліктерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

«Жастар кадрлық резерві» жобасы – кәсіби өсу жолындағы тиімді саты. Жоба қатысушылары – болашақта кәсіби жағынан өсіп, дамуға ұмтылып, маман  ретінде қалыптасқан азаматтар.

Біздің басты мақсатымыз – еліміз үшін ерінбей, тер төгіп қызмет атқаратын кәсіби қызметкерлерді даярлау болып табылады» деп атап өтті, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов.

Жоба қатысушылары білім пен тәжірибе алумен қатар, әр салада қызықты жобаларын жүзеге асыруда. ЖКР – 2015 түлегі Евгений Кочетов ағымдағы жылы еліміздің тарихи кезеңін сипаттайтын «Қазақстанды өзгерткен сөздер» атты кітабын жарыққа шығарды. Мен үшін «Жастар кадрлық резерві» ең маңызды жобалардың бірі болды. Жоба аясында түрлі дәрістерге қатысып,керекті дүниелерді бойыма сіңірдім. Соның арқасында мен өзімнің алғашқы кітабымды жарыққа шығардым». 

 

Барлық жаңалықтар