Алматыда мегаполистегі тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

19 Қазан, 2015 15:49
Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың құқыққорғау және реттеу органдары өкілдерімен кеңес өткізді, деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Кеңес барысында Алматы қаласындағы тәртіпті қамтамасыз ету мен әлеуметтік-экономикалық саланың проблемалары қарастырылды.

Әкім айтып өткендей, құзырлы органдар тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында алдын ала механизмдерді қолдану қажет, ол  «нөлдік сабырлықты» сақтауға бағытталған.

Полиция қызметкерлерінің имиджін сақтау бойынша жұмыс жүргізу де қарастырылған. Ол үшін қызметкерлердің азаматтар алдындағы жауапкершілігін көтеру қажет.

«Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі ішкі және сыртқы иммиграция болып табылады. Сондай-ақ, нашаны заңсыз айналымға жіберу бойынша қылмыс саны көбейді. Кеңестің қорытындысы бойынша түнгі клубтарда, көңіл көтеру орындарында заңсыз анаша айналысын табу мен жою бойынша шара қабылдау шешілді», - делінген хабарламада.

Оған қоса, Алматы жолдарында жоғары авариялық мәселелер қаралды. Оның бір себебі мегаполистегі көліктердің көптігі.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар