• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат индустриялды-инновациялық саясат жөніндегі заңнамаға толықтырулар енгізді

Сенат индустриялды-инновациялық саясат жөніндегі заңнамаға толықтырулар енгізді

19 Қазан, 2015 12:59
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында бірінші оқылымда «Қазақстанның индустриялды-инновациялық мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертілер енгізу туралы» заңын қарады.

Заң жобасы оңтайлы инвестициялық ахуал мен энергосервистік қызмет нарығын дамыту мәселелерін қамту мақсатында әзірленді.

Құжат арқылы индустриялды –инновациялық қызмет үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер жасалады. Ол инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда  шикізат пен материалдарды импорттауда қолданылады.Автономды кластерлік қордың құзыреттілігін кеңейту қарастырылған. Тауар өндірушілерге қосымша міндеттер жүктеледі, олар жинау, сақтау, қайта өңдеу, қалдықты жоюмен байланысты.

Заң жобасы палатаның қаралуына жіберілді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар