Сенатта «Ақпараттандыру туралы» заң жобасы қаралды

19 Қазан, 2015 13:48
ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде «Ақпараттандыру туралы» заңжобасы қаралды, деп хабарлады ҚР Праламенті Сенаты.

Заңжобасы халықаралық талаптарға жауап беретін тиімді ақпараттандыру жүйесін жасақтау мақсатында құрылды. Құжат электронды Үкіметтің құқықтық базасын қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығының дамуын мемлекеттік қолдау, мемлекеттік органдардың қызметін бизнес пен халық үшін ашық ету, ақпараттық қоғамға көшуге жағдай жасау және ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық реттеуді жетілдіру шараларын анықтайды.  

Заңжобасы палата қаруына жіберілді. 

Барлық жаңалықтар