• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің ротациясы кезінде ведомстволық қордан баспана бөлу жоспарлануда

«Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің ротациясы кезінде ведомстволық қордан баспана бөлу жоспарлануда

19 Қазан, 2015 12:06
«Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің ротациясы кезінде ведомстволық қордан баспана бөлу жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов ҚР Парламенті Сенатында.

«Бүгін мемлекеттік қызмет туралы заң жобасы және оған сәйкес мемлекеттік қызметті жүріп өту мәселелрі бойынша заңжобасы талқыланды. Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметте меритократия принціптерін нығайту бойынша заңжобасы жасақталды. Мемлекеттік қызметке алғаш рет келгендерді үш кезең аясында іріктеу. Бірінші кезеңді үміткерлер өкілетті органда өтеді – тестілеу, екінші кезең – жеке қабілеттерін бағалау, үшінші кезең – байқау», - деді  С. Ахметжанов.

Сонымен қатар, С. Ахметжанов ішкі және жалпы байқаулар туралы айтып берді.

«Ішкі байқау бос жұмыс орны пайда болғанда мемлекеттік органның ішінде қызметкерлері арасында өтеді. Егер үміткер табылмаса барлық мемлекеттік қызмет ішінде байқау өтеді, егер мұндада үміткер дабылмаса онда азаматтық тұрғындардың және мемлекеттік сыңғайлы органдардың ішінде байқау өтеді», - деп атап өтті ол. 

Бұдан басқа төрағаның орынбасары хабарлағандай, «аталмыш заң жобалары аясында «Б» корпусын ротациялау институты енгізілуде – басқару деңгейіндегі әкімшілік мемлекеттік қызмет. Ротация институтын жүзеге асыру үшін тұрғын үй қатынасы туралы заңға өзгертулер енгізілуде, себебі жаңа заң жобасында мемлекеттік қызметкерлердің ротациясы кезінде ведомстволық қордан жекешелендіру құқығысыз қызметтік баспана бөлу қарастырылған».

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар