- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ хандығының 550 жылдығы: Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтуде
Қазақ хандығының 550 жылдығы: Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтуде
Ұлы даланың ұлылығын айшықтайтын шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Донбай және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан қатысты.
Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын фестиваль спорттың 13 түрі бойынша өтеді. Атап айтсақ, аламан бәйге, бәйге, құнан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, жамбы ату, жекпе-жек. Сондай-ақ, «Сәнді киіз үйлер» байқауы мен «Керемет сәйгүлік» сұлу аттар байқауы да ұйымдастырылады.
«Ұлттық спорт - өткенімізбен бүгінімізді байланыстырып, келешекке жетелейтін баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан зерттеп, зерделеп жас ұрпаққа үйрету парызымыз. Бұл бағытта облысымызда жаңадан ипподром салынып, ұлттық спорт түрлері жандандырылуда. Бүгінгі бәсі жоғары бәсекеде шын мықтылардың жеңіске жетуіне тілектеспін», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
«Қашаннан ұлтымыздың қаймағы бұзылмағанын халық екендігін осындай фестивальден білеміз. Еліміздің қай жерінде болмасын ұлттық спорт түрлерінен өтетін бәсекелерде Сыр спортшылары белсенді қатысуда. Бұл өңірдің қанымызда бар қасиетті ұлықтағаны. Ұлы даланы ата-бабамыз атпен бағындырғанын жақсы білесіздер. Сондықтан атқа қонған спортшыларға сәттілік тілеймін», - деді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан.
Елімізде 265 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысатын болса, Сыр еліндегі фестивальге барлық аймақтан 2 мыңға жуық спортшы қатысуда.
Салтанатты шара барысында фестивальдің жалауын жамбы атудан ел чемпионы Жарқынбек Алмағамбетов ортаға әкеліп, оны 15 дүркін түйе палуан Абылай Жолдыбаев жоғарыға көтерді. Ал жарыстың алауын эстафетамен Ислам Салимов, Рүстем Сыбай, Хакімжан Елеусіндер алып өтіп, Қазақстанның тұңғыш барысы Ұлан Рысқұлға табыстады. Ол көптің қошеметімен алауды тұтандырды. Осылайша фестивал салтанатты түрде ашылды. Айта кетейік, бәсеке 20 қазанға дейін созылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады