- Басты
- Жаңалықтар
- «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі ҚР Қарулы Күштерінде өтуде (ФОТО)
«Жас ұлан» әскери әндер фестивалі ҚР Қарулы Күштерінде өтуде (ФОТО)
Фестивальдің гала-концерті ағымдағы жылдың қазан айының соңында өтеді. Фестивальдің бағдарламасы үш аталымда байқау бағдарламасында қатысушылардың өнер көрсетулерін қамтиды. Ол: «вокалист орындаушылар», «фольклорлық орындаушылар», «вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар». Жеңімпаздарға фестивальдің бағалы жүлделері, дипломдар мен Гран-при табысталады, ал қатысушы жүлдеге ие болады.
Шешуші гала-концертте фестивальдің лауреаттары мен құрметті қонақтар өнерлерін паш етеді. Жыл сайын фестиваль 4 айналымда өткізіледі: 1 айналым – рота-батальон буынында, ІІ айналым – батальон-бригада буынында, ІІІ айналым – ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтарында, әскер тектері мен түрлерінде өтеді. Байқау шарттары мыналар болып табылады: әскери тақырыптағы, қазақстандық сазгерлердің немесе орындаушылардың шығармасын, жеке (авторлық) музыкалық шығармаларды, фольклорлық жанрдағы туындыны орындау.
«Жас ұлан» әскери әндер фестивалі 1997 жылдан бастап шақырылуға дейінгі, шақыру және армиялық жастарды, ҚР ҚК келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін, қызметкерлерін және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жандандыру, көркемөнерпаз армиялық орындаушылар мен ұжымдардың шығармашылық өсуіне қолдау көрсету үшін өткізіліп тұрады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді