«ҚазАзот» ЖШС нарықтағы үлесі 34 %-дан 65 %-ға өсті – NADLoC

19 Қазан, 2015 14:32
«NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ қазақстандық химиялық өндіріс қоғамымен бірігіп химия өнеркәсібінде ұзақмерзімді келісім орнату бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Ашық диалогқа табиғат байлықтарын қолданушылар, жүйе құрастырушы, тау-кен өндіру кәсіпорындары мен химиялық өнеркәсіп компаниялары қатысты.

Кеңесте 4 отандық химиялық  кәсіпорынға өздерінің өндірістік мүмкіншіліктері таныстырылды. Аталмыш таныстырылымдар табиғат  байлықтарын қолданушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

«ҚазАзот» ЖШС бас директорының орынбасары Тахмина Нагуманова  тапсырыс берушілерге отандық өнім сатып алынуын ұлғайтуды ұсынды. Өз кезегінде, «ҚазАзот» ЖШС тұтынушылардың сұраныстарына жедел әрі сапалы жауап беруге әзір.

«Үкімет қабылдаған   қолдан реттеу режимі ғана біздің өнімді үзіліссіз өндіруге мүмкіндік берді. Біздің ауыл шаруашылық қызметкерлер селитрге қол жеткізген соң зауыттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Үкімет қолдауы мен   «NADLoC» агенттігінің нақты жұмысының нәтижесінде ұзақмерзімді келісімдер аясында біздің нарықтағы үлесіміз 34%-дан  65%ға өсті», - деді Т.Нагуманова.

Кеңес барысында табиғи байлықтарды қолданушыларға отандық кәсіпорындарды қолдау шаралары да айтылып өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша тараптар өзекті мәселелерді бірге шешуге және одан әрі тиімді ынтымақтастықты дамытуға келісті.

 

 

Барлық жаңалықтар