• Басты
  • Жаңалықтар
  • Германиялық компания Жезқазғанда күн электр станциясының құрылысына 25 млн еуро инвестициялайды

Германиялық компания Жезқазғанда күн электр станциясының құрылысына 25 млн еуро инвестициялайды

19 Қазан, 2015 11:13
Германиялық компания Жезқазғанда күн электр станциясын салуды ұсынды, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Айта өтейік, Жезқазғанда энергияны үнемдейтін технологиялардың маңыздылығы Жезқазған әкімдігіндегі кездесуде талқыланды. «Энерджи мит систем» германиялық компания қалада күн энергиясымен жұмыс істейтін электрстанциясын салуды ұсынды.

«Жоба құны - 25 млн еуро, бұл қомақты қаржыны шетелдік компания инвестициялауға дайын екенін білдірді. Орнату шамамен 1,5 жылға созылады», - делінген хабарламада.

Жезқазғандағы жылы күндер күн панельдерінің үздіксіз жұмыс істеу бойынша талаптарға сай келеді. Мұндағы жағдай германиялық әріптестердің айтуынша өте жақсы. Электростанция 20 мегаватт энергияны өндіретін болады. 

Айта кетерлік жайт, германиялық компания әлемде мұндай қондырғыларды орнату бойынша тәжірибесі мол. Станцияға 20 жылға кепілдік беріледі.  Жобаны қала басшылығы мақұлдады.

Барлық жаңалықтар