Астанада діни тақырыптардың БАҚ бетінде жариялану мәселесі талқыланды

31 Қазан, 2013 16:15
2013 жылғы31 қазанда Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында Қызылорда қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Діни сауаттылық ішкі тұрақтылық кепілі» атты тақырыпта кездесу өтті, деп хабарлайды Агенттіктің баспасөз қызметі.

«Кездесуге Діністері агенттігінің, мемлекеттік органдар мен дін өкілдері, ЖОО студенттері, оқытушы-ғалымдар, мәдениет және қоғам  қайраткерлері қатысты», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен  байланыс жәнедінтану сараптамасы басқармасының бастығы Айнұр  Әбдірәсілқызы «Қазақстандағы діни білімнің дамуы және қазіргі жағдайы»  тақырыбында  баяндама оқыды. Дін өкілдері тарапынан  Қызылорда  қаласы «Айтбай»  мешітінің наиб-имамы Үркімбаев Марат  Дайрабайұлы «Исламдініндегі ғылым-білімнің орны» тақырыбында сөз   сөйледі. «Сырдария-Руханият» қоғамдық қорының төрағасы, Қызылорда  облысы бойынша діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының  жетекшісі ТұрарӘбуов «Діни ағымдар және олардың қоғамға кері әсері»  атты тақырыпта баяндама жасады. Қызылорда облыстық діни кеңес беру  орталығының дінтанушы маманы Батырбек Убаев «Дәстүрлі ханафи мазхабы  ел бірлігін  сақтаудағы сенімді жол» тақырыбындағы баяндама оқыды.

Кездесу барысында  оқылған баяндамалар қызу талқыланып, студенттер  тарапынан қойылған  сұрақтарға жауап берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар