ЕАЭО ұлттық валютадағы бірлескен саудаға көшу бойынша жұмыс істеуде

17 Қазан, 2015 13:34
Еуразиялық экономикалық одақтың сарапшылары мүше мемлекеттер арасындағы ұлттық валютадағы саудаға көшу бойынша жұмыстар атқаруда, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Мақсат Мұханов.

«Қазіргі таңда ЕАЭО аясында бірқатар құжаттардың кешені қабылданды, бірыңғай нарық құру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Ұлттық валютадағы саудаға көшу аталмыш құжаттарда бар. Бұл орайда интеграциялық валюталық нарықтар құру туралы бастамасы ұсынылды. Аталмыш бағыт бойынша ЕАЭО елдері арасында қолайлы тауар айналымын құру мақсаты көзделген», - деді ол.

Айта кетейік, 2025-2030 жылдарға қарай ұлттық валютадағы саудаға көшу ЕАЭО аймағында төлепм жүйесін дамыту тұжырымы жобасында бар.

 

Барлық жаңалықтар