- Басты
- Жаңалықтар
- М.Мұханов: ЕАЭО-да ықпалдастықтың тереңдеуі - әлемдік экономикалық сынақтарға жауап
М.Мұханов: ЕАЭО-да ықпалдастықтың тереңдеуі - әлемдік экономикалық сынақтарға жауап
Оның айтуынша, ықпалдастық бірігуге бүгінде көптеген елдер қызығушылық танытуда. Ынтымақтастық әр түрлі пішіні қарастырылуда. Қытай 2013 жылы ұсынған Жібек жолының экономикалық белдеуі, Вьетнаммен еркін сауда айналымы, ЕАЭО іскерлік кеңесінің құрылуы сынды бірқатар елдік бастамалар ұсынылды.
«Қазақстан бұл орайда өте маңызды рөл атқарып отыр. Бұл кеңістікте хаб атану үшін, Азия мен Еуропа арасындағы кеңістіктегі жағдайларды ықпалдастыруға ие. Бұл ықпалдастық – біз байқап отырған жаһандық сынақтарға жауап болып отыр. Бұл орайда өзара ықпалдастықтың тереңдеуі әлемдік экономиканың жаңа тәртіптеріне бейімделуге мүмкіндік береді», - деді сарапшы.
Айта кетейік, Армения - Серж Саргсян, Беларусь - Александр Лукашенко, Қазақстан – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Алмазбек Атамбаев пен Ресей - Владимир Путин - бес мемлекеттің президенттері Еаразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметін анықтайтын 15 құжатқа қол қойды.
Атап айтқанда, кеңес қорытындысы бойынша ЖЕЭК қатысушылары «2015-2016 жылдарға арналған ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарына» және «ЕАЭО-ның негізгі серіктестерімен орташа мерзімге сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту тәсілдеріне» , Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының сандық құрамы туралы құжаттарға және т.б. қол қойылды.
Сонымен қатар, ЕАЭО мәселелері мен Жібек жолы экономикалық белбеуі бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметін үйлестіру туралы; ЕАЭО негізгі экономикалық даму бағыттары туралы; Еаразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне өзгертулер енгізу туралы бірқатар құжаттарға да қол қойылды.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді