- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері Алматы соттары 90 мыңнан астам істі қарады – Жоғарғы сот
Жыл басынан бері Алматы соттары 90 мыңнан астам істі қарады – Жоғарғы сот
Онда Алматы қаласы соттарын кешенді тексерудің және практикалық көмек көрсетудің нәтижелері талқыланды.
Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров Алматы қаласы соттарының сот төрелігін жүзеге асырудың, қызметтерін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жағдайын кешенді тексерудің қорытындылары туралы айтты.
Өз сөзінде ол Алматы қаласының соттары республика бойынша азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істердің ең көп санын қарайтындығына тоқталды. 2014 жылы қала соттары шамамен барлығы 117 мың істі, 2015 жылдың өткен кезеңінде 90 мыңнан астам істі қарады. Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының штат саны 218 бірлікті құрайды. Республика бойынша бір судьяға орташа жүктеме 55,9 іс болса, мұнда 71,2 істі құраған.
Алматы қаласының аумағына Алматы облысының ауылдық округтары мен елді мекендерінің қосылуы туындайтын даулар санының және тиісінше соттар қарайтын істердің өсуіне әкеп соқты. Мәселен, 2013 жылмен салыстырғанда, 2014 жылы аяқталған азаматтық істердің саны үш есеге (34%) артқан, яғни, былтыр 51 іс қаралса, биыл 78 мың іс қаралды. Ағымдағы жылы өсу 20%-ды құрады (2014 ж. - 32 мың іс, 2015 ж. - 40 мың іс). Міндеттемелік құқықтан, банктік, коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шарттардан, сондай-ақ, салық органдарының заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюлардан туындайтын даулар бойынша талап қоюлар саны арта түскен.
Одан басқа, әкімшілік және қылмыстық істер санының тиісінше 11%-ға және 7%-ға өсуі атап өтілді.
Соттардың жұмысын ұйымдастыру бөлігінде проблемалық мәселе – кадр тұрақсыздығы, оның ішінде жаңадан тағайындалған мамандар біраз уақыт еңбек еткенмен, ұзақ мерзімге тұрақтамайтыны тағы бар.
Сондай-ақ, Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ж. Ештайдың ақпараты тыңдалды.
Талқылау нәтижесінде Төралқа тиісті қаулы қабылдады. Аталған облыстық соттардың жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Сонымен қатар, олардың төрағаларына іс-шаралардың жоспарын әзірлей отырып, соттар жұмысында орын алған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді.
Бұған қоса, Жоғарғы Сот Төрағасы сот төрелігін жүзеге асырудың, сот практикасын қорытудың, талдамалық қызметті жүргізудің, еңбек және атқару тәртібін орындаудың сапасын арттыру қажеттілігіне назар аударды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді