• Басты
  • Жаңалықтар
  • Солтүстік Қазақстан облысында индустриаландырудың бірінші бесжылдығы бойынша 30 жоба жүзеге асырылады

Солтүстік Қазақстан облысында индустриаландырудың бірінші бесжылдығы бойынша 30 жоба жүзеге асырылады

31 Қазан, 2013 15:03
Солтүстік Қазақстан облысында индустриаландырудың бірінші бесжылдығы бойынша 30 жоба жүзеге асырылады, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

«400 млрд теңгені құрайтын 30 жоба индустриаландырудың 5 жылдығы бойынша  СҚО-да жүзеге аспақ. Ол 1800 жұмыс орнын ұсынады», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2,1 трлн теңгені құрайтын 563 жоба қолданысқа берілді. Мемлекет басшысы Ақордада өткен Үкіметтің отырысында 2 бесжылдықтың  сапалы құрастырылуы туралы айтқан болатын.  

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы атап өткандей  индустриаландырудың бірінші бесжылдығы оң нәтиже көрсетті. Қолданысқа 2,1 трлн тұратын 563 жоба қолданысқа енді. Оның өнімі 2,2 трлн теңгені құрады, сондай-ақ, ол 70 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етті.

«Біз дағдарыстың қайнап тұрған кезінде аталмыш бағдарламаны қабылдадық. Бізден кейін АҚШ, Жапония, Түркия және өзге мемлекеттер қолданысқа енгізе бстады. Инвестициялық бағдарламаны одан әрі дамытып, екінші бесжылдықтың бағдарламасын құрастыруға кіріскен жөн», - деді Елбасы.

Бүгінгі таңда 19 жоба жобалық күшке енді. Оның бірі «ЗИКСТО» зауыты.

 

Сонымен қатар, мемлекет 100 млн теңгені құрайтын инновациялық грантты ұсынып отыр. Ол астық таситын вагондарды алуға жұмсалады. Ақжар ауданында ұсақ тас өндіретін заыт ашылды. Жамбыл ауданында  52 мың тоннаны құрайтын элеватор іске қосылды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар