• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық қордың қаржысына ШОБ өңдеу өнеркәсібінің 294 жобасы 39 млрд теңгеге қаржыландырылды

Ұлттық қордың қаржысына ШОБ өңдеу өнеркәсібінің 294 жобасы 39 млрд теңгеге қаржыландырылды

19 Қазан, 2015 09:23
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Отырысқа «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басшылары қатысты. Комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және «Даму» КДҚ» АҚ-тың қатысуымен өткізілген тексерулердің нәтижелері талқыланды.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың ақпараты бойынша екінші деңгейдегі банктермен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың нысаналы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша келісімдер жасалды.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың деректері бойынша, 2014 жылғы көктемде өңдеу өнеркәсібіндегі ШОК субъектілерінің жобаларын қаржыландыру  үшін бөлінген қаражаттың қайталама игерілуі 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша 8 млрд. 900 млн. теңгені құрады.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың деректері бойынша, 2014 жылдың соңында өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру  үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша банктер 45 млрд. 646 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 91%-ына 260 жобаны іс жүзінде қаржыландырды.

 Өз кезегінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2014 жылдың соңында өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру үшін 22 млрд. 657 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 45%-ына 23 жоба іс жүзінде қаржыландырылды.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру  үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысы  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысы банктер 39 млрд. 252 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінен 79%-ына 294 жобаны іс жүзінде қаржыландырды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден 32 млрд. 671 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 65 %-ына 35 жоба іс жүзінде қаржыландырылды.

Сонымен бірге «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2014 жылы ИИДМБ-2 жобаларын қаржыландыру үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша 15 млрд. 325 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 31%-ына 2 жоба («АЛТЕЛ» АҚ және «Проммашкомплект» ЖШС) іс жүзінде қаржыландырылды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы жеке тұлғаларды - отандық жеңіл автокөлік сатып алушыларды кредиттеу үшін бөлінген 15 млрд. теңгеден 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша 10 млрд. 780 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінен 72%-ына 3 418 жеке тұлға іс жүзінде қаржыландырылды.

Барлық жаңалықтар