Алматының 2015 жылғы бюджеті 30 млрд теңгеге дейін оңтайландырылды

17 Қазан, 2015 15:03
Алматының мәслихаты 2015 жылғы бюджетті нақтылады. Талқылау барысында депутаттар бюджетті 30 млрд 352,28 млн теңгеге дейін оңтайланыдырды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Тиімді емес шығындарды қысқарту мақсатында ірі және ауқымды жобаларды оңтайландыру шешімі қабылданды. Мәселен,  «Ипподром Алматы» спорттық-көңіл көтеру кешенін алу,  «Көк Жайлау» құрылысы, 5 жаяу жүргіншілер жолағы, Наурызбай ауданындағы әкімшілік нысандардың құрылысы.

Депутаттық корпус «Жас қанат» шағын ауданында 28 тұрғын үй құрылысында 29 млрд 460,7 млрд теңгесін ықшамдау қарастырылған.

Қала басшысы депутаттар ұсынған бастамалардың әлеуметтік маңызын атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар