• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев пен Б.Сапарбаев Ақтөбе облысында индустрияландырудың екінші бесжылдығын талқылады

Ә.Исекешев пен Б.Сапарбаев Ақтөбе облысында индустрияландырудың екінші бесжылдығын талқылады

17 Қазан, 2015 14:32
«Нұрлы жол» және индустрияландырудың екінші бесжылдығы Ақтөбе облысындағы ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың кездесуінде талқыланды, деп хабарлады ҚР ИДМ.

Жұмыс сапары аясында министр бірқатар индустриялды нысандарды аралады, сондай-ақ, «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС   бірінші өнімінің шығаыруы  салтанатты шарасына қатысты.

Ә.Исекешев атап өткендей, «Қазхром» компаниясының ферроқорыту  зауытына барды. Өндірістік үрдіске  жоғарыбілікті  мамандар мен қызметкерлер қатысады.

2015 жылдың қаңтар-тамыз айларында № 4 цехте 56 мың тонна феррохром өндірілді. 2015 жылы өндіріс көлемі 439 мың тоннаны құрайды деп жоспарлануда.

Мемлекеттің қолдауының нәтижесінде «Қазхром» компаниясының уақытша электр энергиясын тасымалдау коэффициент алу мәселесі  шешілді.

Бұл ферроқорытпа шығарудың өз бағасын төмендетеді. Ол бюджетке түсімді ұлғайтады.

Айта кетейік, өңірлік жалпы өнім құрылымында өндірістің үлесі төмендеді.

 

Барлық жаңалықтар