- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: Ақтөбе облысында Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау автожолының құрылысы жоспарлануда
«Нұрлы жол»: Ақтөбе облысында Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау автожолының құрылысы жоспарлануда
Индустриялық зонадағы жаңа зауыт ашылғаннан кейін өнеркәсіптік өндіріс және 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселелері талқыланды.
Кеңесте өңірде тұрақты даму мен тұрақтылық ең алдымен, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашу арқылы мүмкін болып отырғаны атап айтылды.
Ә.Исекешев пен Б.Сапарбаев индустрияландырудың екінші бесжылдығының және «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу қарқынын талқылады.
Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысынан жалпы құны 799,9 миллиард теңге құрайтын, 12,8 мың жаңа жұмыс орыны ашылатын 91 инвестициялық жоба енгізілген. Оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы аясында жалпы құны 552,6 миллиард теңге құрайтын 71 жоба жүзеге асырылып, 6,6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орыны ашылды.
Сондай-ақ «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысын 2016 жылы аяқтау және Ақтөбені өңірдің ірі логистикалық орталығына айналдыратын Орталық-Батыс-Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы жол құрылысын бастау мәселелері талқыланды. Экономикадағы кейбір қиындықтарға қарамастан, деп атап өтті Ә.Исекешев, елімізде президенттік индустрияландыру бағдарламаларын және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі