• Главная
  • 4500-ден аса қазақстандық ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерінде дайындықтан өтті (ФОТО)
19 октября, 2015 09:38

4500-ден аса қазақстандық ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерінде дайындықтан өтті (ФОТО)

Белгілі бір жағдайлар бойынша бұдан бұрын әскери қызмет өткермеген 22 мен 27 жас аралығындағы 4 566 қазақстандық 2015 жылы ақылы негізде әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша әскери мамандықтарды оқып-үйренді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
4500-ден аса қазақстандық ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерінде дайындықтан өтті (ФОТО)

Дайындық Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында, яғни,  әскери-техникалық мектептерінде  жүргізіледі. Қазір ол мектептер Қазақстанның 15 қаласында бар. Іріктеу бір жыл бойы жүргізіледі. Үміткерлер медициналық комиссиядан өтеді, одан кейін 40 күнге нағыз әскери қызметшіге айналады, қызмет өткереді, әскери істі зерделейді.

  Дайындық атқыш, оқшашаршы, гранатаатқыш мамандығы бойынша жүргізіледі. Бір жарым айлық оқудан кейін бітіру емтихандары. Қызметті сәтті атқарған жігіттер  әскери мамандық бойынша біліктілік және сертификатқа ие болады, соның негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әскери билет беріледі.  Әскери комиссариаттар «қатардағы жауынгер» әскери атағын бере отырып,  әрбіреуін әскери міндеттінің есебіне (жұмылдыру резервіне) қояды.

Оқу кезеңінде оқу демалыстары ұсынылады, сондықтан әрбір оқып-үйренушінің жұмыс немесе оқу орны кепілді түрде сақталады. 2013-2014 жылдары 10 000-нан аса  қазақстандық ақылы қызмет өткерді. Орта-Азия өңірінің елдері арасында мұндай қызмет Қырғызстан мен Өзбекстанда қолданылып жүр.