• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бес мемлекеттің президенттері ЕАЭО-ның халықаралық қызметі туралы 15 құжатқа қол қойды

Бес мемлекеттің президенттері ЕАЭО-ның халықаралық қызметі туралы 15 құжатқа қол қойды

16 Қазан, 2015 18:23
Армения - Серж Саргсян, Беларусь - Александр Лукашенко, Қазақстан – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Алмазбек Атамбаев пен Ресей - Владимир Путин - бес мемлекеттің президенттері Еаразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметін анықтайтын 15 құжатқа қол қойды. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында белгілі болды.

«Күн тәртібінде 15 мәселе болды. Біз шағын құрам барысында осы барлық 15 мәселені қарадық. Аталмыш мәселелер бойынша қол қоюға арналған құжаттар дайын», - деп сендірді Беларусь Президенті Александр Лукашенко.

Атап айтқанда, кеңес қорытындысы бойынша ЖЕЭК қатысушылары «2015-2016 жылдарға арналған ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарына» және «ЕАЭО-ның негізгі серіктестерімен орташа мерзімге сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту тәсілдеріне» , Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының сандық құрамы туралы құжаттарға және т.б. қол қойылды.

Сонымен қатар, ЕАЭО мәселелері мен Жібек жолы экономикалық белбеуі бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметін үйлестіру туралы; ЕАЭО негізгі экономикалық даму бағыттары туралы; Еаразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне өзгертулер енгізу туралы бірқатар құжаттарға да қол қойылды. 

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар