Алматыдағы жәрмеңкеде тауар өндірушілер 290 тонна өнім ұсынады

16 Қазан, 2015 20:43
2015 жылдың 17 қазанында қалада Алматы облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігі.

Алматылықтарға 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына бұл күні жалпы құны 110 млн. теңге 113 тонна жеміс, көкөніс, 95 тонна ет, 22 тонна сүт өнімдері жеткізіледі.

Жәрмеңкеге Алматы облысының 16 ауданы мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларынан 290 тонна экологиялық таза және сапалы өнім әкелінеді.

 

Барлық жаңалықтар